Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жарнама жасап жатқандай»: Айдар Тұрғанбек шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызының өкінішін айтты

«Жарнама жасап жатқандай»: Айдар Тұрғанбек шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызының өкінішін айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Айдар Тұрғанбек өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығатын қыздарды сөкті

Белгілі әнші, "Жігіттер" тобының мүшесі Айдар Тұрғамбек шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қазақ қызының өкінгенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өнер иесі желідегі парақшасында жазды.

"Тик-ток та бір қазақ қызының европалық, діні бөлек жігітке тұрмыс құрып, бірге тұрып жатқанын күніге көрсетіп отырады, жарнама жасап жатқандай.

Енді ойлашы, оны көріп отырған қаракөз қыздар бізде солай шетелдікке тиіп кетсек, солай қыдырып жүрсек деп армандайды ғой. Бірақ расында шетелдікке тиген қыздардың іші қалай болып жатқанын белгісіз ғой", - дейді әнші.

Алайда шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қызының өкінгенін өз көзімен көргенін айтты.

"Мен өзім сондай қыздың өкінгенін көзіммен көргенмін, қасында анасы жылағандай болып маған сырын айтқан еді", - дейді ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар