Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140-тан астам адам ұсталды

Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140-тан астам адам ұсталды
polisia.kz
Қазақстандықтардың жеке мәліметтерінің барлығы мемлекеттік базалардан алынған.

Қазақстандықтардың жеке мәліметін интернетте заңсыз сатқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Операцияны ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жүргізді.

"Ақпараттар мемлекеттік базалардан заңсыз алынған және Telegram арқылы таратылған, оның ішінде кейбір коллекторлық компанияларға берілген. 140-тан астам адам, оның ішінде компания иелері мен арна әкімшілері ұсталды", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі таңда бес күдікті қамауға алынды.

"Тінту барысында 400-ден астам компьютерлік және басқа да электронды техника тәркіленді, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар