Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысында бір топ ер адам 16 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кеткен

Түркістан облысында бір топ ер адам 16 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кеткен
Сурет: kaktus.media
Төрткүл ауылында бірнеше ер адам колледж студентін зорлап, өлтірді деген күдікке ілінді

Түркістан облысы Төрткүл ауылында 16 жастағы  қызды бірнеше адам зорлап, аяусыз өлтіріп кеткен. Бұл туралы НеМолчи қоғамдық қоры мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Қыздың мәйіті 6 маусым күні таңертең табылған. Қор жетекшісі Дина Таңсәрінің  мәліметінше, күдіктілер еңбек мигранттары болуы мүмкін.

"Түркістан облысындағы Төрткүл деген кішкентай ауылда 6 маусымда 11 сынып оқушысын зорлап, өлтіріп кетті. 16 жастағы қыздың отбасылық дүкенде жұмыс істегені белгілі. Ол үйіне қайтып бара жатқанда бір топ еңбек мигранттары ұстап әкетіп, зорлаған", – деп жазды қор. 

Түркістан облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар