Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде талапкерлерді жоғары оқу орнына қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

Елімізде талапкерлерді жоғары оқу орнына қабылдау қашан басталатыны белгілі болды
Сурет: pixabay.com
Биыл талапкерлерді жоғары оқу орнына қабылдау 20 маусымда басталады

Елімізде жоғары оқу орындарына студенттерді қабылдау науқаны мамырда басталып, тамызда аяқталады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Білім министрлігі 2025/2026 оқу жылына Қазақстанның жоғары оқу орындарына қабылдау күнтізбесін жариялады.

ЖОО-ларға құжат қабылдау 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүргізіледі.

20 маусым мен 20 тамыз аралығында "Педагогикалық ғылымдар" мен "Денсаулық сақтау" бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларына түсетін талапкерлер үшін арнайы емтихандар өтеді (конкурсқа қатысу үшін — 20 шілдеге дейін).

Шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініштер 20 маусымнан 10 тамызға дейін қабылданады (конкурсқа — 7 шілдеге дейін).

Шығармашылық емтихандар 7 шілде мен 15 тамыз аралығында өтеді (конкурсқа — 20 шілдеге дейін).

Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштерді 13–20 шілде аралығында беруге болады.

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін белгілі болады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар