Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Аяғым қайда?» деп сұрайды»: Астанада автобус апатынан аяғынан айырылған қыздың қазіргі жағдайы белгілі болды

«Аяғым қайда?» деп сұрайды»: Астанада автобус апатынан аяғынан айырылған қыздың қазіргі жағдайы белгілі болды
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Автобус апатының салдарынан екі аяғынан айырылған қыздың ағасы оның жағдайы туралы айтты.

Астанадағы автобус апаты салдарынан екі аяғынан айырылған 8 жасар қыздың қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүлдіршіннің нағашы ағасы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айтуынша, Алуа үнемі жылайды.

“Күндіз де, түнде де ұйықтамайды... Сәл мызғып алсын деп дәрі беруге тура келеді. Үнемі жылап, “аяғым қайда?” деп сұрайды. Бұл сұрақ біз үшін азаппен тең. Жалпы жағдайы қалыпты”, – деп жазды Алуаның ағасы.

Сондай-ақ, балалар омбудсмені Динара Закиева Алуаның жағдайын білуге барған. Ол қыздың отбасына қатысты мәселелер Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің бақылауында болатынын айтты.

“Алуашқа бардым. Анасымен бірге оңалту мен протездеу мәселелерін талқыладық, кішкентай қызбен сөйлестік, кітаптар оқыдық. Ол біраз пицца жеді, үнемі көтеріп жүруді немесе далаға шығуды сұрайды", – деді Закиева.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар