Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«32-37 градусқа дейін ысиды»: синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

«32-37 градусқа дейін ысиды»: синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды
Сурет: myslo.ru
Еліміздің кейбір өңірлерінде найзағай ойнап, жауын-шашын болады

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, елімізде жауын-шашын болып, найзағай ойнайды.

«10 шілдеде – оңтүстікте, 11 шілдеде – солтүстік-батыста, 12 шілдеде – елдің солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағайлы құбылыстар мен екпінді жел күтіледі, жекелеген өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Тек елдің шығысында антициклон басым болады, онымен бірге негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Күндізгі уақытта ауа температурасы солтүстікте, шығыста, орталықта 25-32 градусқа дейін, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 32-37 градусқа дейін жылынады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар