Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанадағы автобус апаты: аяғынан айырылған қыздың отбасына пәтер берілді

Астанадағы автобус апаты: аяғынан айырылған қыздың отбасына пәтер берілді
Сурет: желідегі парақшасынан
Автобус апатынан зардап шеккен 8 жасар қыздың отбасына көмек көрсетілді

Астанадағы автобус апатының салдарынан екі аяғынан бірдей айырылған қыздың отбасына 4 бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлімдеді.

“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі жеке демеушімен бірлесіп, отбасыға елордадағы жаңа тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады. Тұрғын үй кешені биыл қазан айында пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, құрылыс компаниясы пәтерді жөндеу және жабдықтау жұмысына да көмек көрсететін болады”, – делінген әкімдік хабарламасында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар