Астанада әйелін 10 жыл бойы қорлап келді деген экс-дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 маусым, 2025
- 50

Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс қарала бастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Экс-дипломат Сәкен Мамаштың бұрынғы әйелі Карина Мамаш соттың ашық түрде өтуіне қарсылығын білдірді.
«Мен соттың ашық өтуіне қарсымын, өміріміздегі интимдік мәліметтерді жария еткім келмейді. Менің екі балам бар, олардың психологиялық денсаулығына алаңдаймын», - деді ол.
Сәкен Мамаш өз кезегінде соттың ашық өтуіне қарсы емес екенін айтты. Алайда өзінің фотолары мен видеоларын жарияламауды сұрады.
Судья Артур Абдыханов соттың дайындық бөлімін ашық өткізіп, ал негізгі сот отырысын жабық өткізу туралы қаулы шығарды. Карина Мамаштың арызын ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.
Айта кетсек, өткен жылдың мамыр айында Карина Мамаш күйеуі Сәкен Мамаштан 10 жылдан бері физикалық және жыныстық зорлық-зомбылық көріп келгенін айтып видеоүндеу жариялаған болатын.