Бокстан Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде 1-орынды иеленді
- автор kyn.kz
- 11 маусым, 2025
- 685

Нидерландының Эйндховен қаласында өткен Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын иеленді.
Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша ел қоржынына 5 алтын және 3 қола медаль түсті.
Алтын медаль:
1.Даниял Сәбит
2.Абылайхан Жүсіпов
3.Ерасыл Жақыпбеков
4.Дәулет Төлемісов
5.Нұрлан Сапарбай
Қола жүлде:
1.Ертуған Зейнуллинов
2.Сабыржан Аққалықов
3.Сағындық Тоғамбай.
Айта кетері, Абылайхан Жүсіпов финалда өзбекстандық Асадходжа Муйдинходжаевты жеңді. Алайда Өзбекстан бокс федерациясы Абылайхан Жүсіповтің жеңісін мойындамады.
"Қазақстандық боксшы жарақат алып қалып, жекпе-жек бірінші раундтан кейін тоқтатылды. Раунд тең өтті, төрешілер түсініксіз шешім қабылдап, 2:3 есебімен жеңісті Қазақстанға берді", – деп жазылған Федерацияның ресми мәлімдемесінде.