Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шерзат Полаттың әкесі сотталғандардан алынатын өтемақыны қайда жұмсайтыны белгілі болды

Шерзат Полаттың әкесі сотталғандардан алынатын өтемақыны қайда жұмсайтыны белгілі болды
Сурет: ашық дереккөздерден
Қаржаубай Нұрымов сотталғандардан алатын өтемақыны балалар үйіне жібереді

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сотталғандардан алынған өтемақыны қайда жұмсайтыны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол өтемақы ақшасын балалар үйіне аударатын болды. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді.

“Жалпы, Қаржаубай – көп сөйлемейтін, бірақ өте шыншыл адам. Оны осы қасиеті үшін қатты құрметтеймін. Алғаш кездескенімізде ол "маған қылмыскерлердің түрмеге қамалуы маңызды емес. Тек олар ұлымды қараламасын. Ең бастысы Шерзатты ешкім жамандамасын" деген еді”, – деді адвокат.

Айтуынша, Қаржаубай Нұрымов өтемақы талап етуді өзі қаламаған.

“Қаржаубай олардан бір тиын да сұрағысы келмеді. "Маған қылмыскерлердің лас ақшасы керек емес" деді. Азаматтық талап арыз берудің маңызын түсіндірдік. Шартты мерзім болмас үшін моральдық ақыны өтеу талабын қою керек екенін айтқанда ғана келісті. Оның өзінде "егер өтемақы алсам, ол ақшаны балалар үйіне беремін" деген еді”, – деп қосты Шекеев.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар