
Үндістанда 244 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
India Today басылымының жазуынша, апат Гуджарат штатындағы Ахмедабадһ қаласы әуежайының маңында бүгін, 12 маусымда болған.
Төтенше жағдай әуе кемесі көкке көтерілгеннен кейін көп ұзамай орын алған. Air India әуекомпаниясының Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы Лондонға бағыт алған.
Әуе апаты болған жерге шұғыл түрде қызметтер, оның ішінде жеті өрт сөндіру көлігі жіберілген. Алдын ала мәлімет бойынша ұшақ бортында 242 адам болғаны айтылады.
Оқиғаға қатысты Air India әуекомпаниясының өкілдері Х әлеуеметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.
"Бүгін, 12 маусымда Ахмадабад-Лондон Гатвик бағыты бойынша AI171 рейсін орындаған ұшақ оқыс жағдайға тап болды. Қазіргі уақытта біз барлық мән-жайды анықтап жатырмыз, жақын арада толығырақ мәлімет береміз", - делінген хабарламада.