Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұшақ апаты: Тоқаев Үндістанның премьер-министріне көңіл айтты

Ұшақ апаты: Тоқаев Үндістанның премьер-министріне көңіл айтты
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанға көңіл айту жеделхатын жіберді

Қазақстан президенті Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Қазақстан президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Үндістанда Лондонға бағыт алған Air India әуекомпаниясының Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы апатқа ұшырағын хабарлаған едік. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар