“Оған қоздырғыш зат берген”: Ақнәр ісіндегі күдікті екі қызға қатысты тың мәлімет шықты (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 маусым, 2025
- 98

Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен құлап қаза тапқан Ақнәрдің өліміне қатысты тың жайт айтылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Роза есімді әйел журналист Жан Ахмадиевке бұл істе басты күдікті деп саналып отырған екі қызға қатысты шындықты жайып салды.
Айтуынша, Рано порнографиялық заттар сатумен айналысқан. Ал Дидар Ақнәрға қоздырғыш дәрі берген.
"Мен білетін ақпарат бойынша, бауырының телефоны істен шығып, жөндеуге берген кезде ішінен түрлі ұятсыз видеолар шыққан. Әкесі біліп қойып, ұрып-соғып Раноның сатқанын білген. Ақнәрдің терезеге жүгірген видеосын көрдіңіздер ғой. Олар оны арақ ішті деді, басқа берді. Бірақ сараптамада шыққан жоқ. Дидардың оған қоздырғыш зат бергені анық. Ал Ақнәр "Арым таза болсын, секірсем секіріп өлейін" деп терезеге жүгірген", - деді ол.