Үндістандағы ұшақ апаты: сарапшы жалғыз жолаушының аман қалу себебін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:32
- 115

Үндістанда апатқа ұшыраған Boeing 787 Dreamliner ұшақта 242 жолаушының ішінде аман қалған жалғыз кісінің қауіпті орында отырғаны белгілі болды. Оның кездейсоқта тірі қалғаны айтылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы NDTV арнасына берген сұхбатында авиация сарапшысы Ангад Сингх айтты.
40 жастағы Вишваш Кумар Рамеш авариялық шығу есігіне жақын жерде 11А орындықта отырған.
«Бұл орындық салонның орталық бөлігінде, қанаттың алдында орналасқан және статистикалық тұрғыдан ең қауіпсіз болып саналмайды», - деп түсіндірді Сингх.
Сарапшының айтуынша, әуе апаты кезінде ұшақтың алдыңғы немесе артыңғы бөлігіндегі жолаушылардың аман қалу мүмкіндігі жоғары. Бірақ ешқандай орын апаттан құтқара алмайды.
Еске салсақ, 2025 жылы 12 маусымда Үндістанның Гуджарат штатындағы Ахмедабад әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бортта экипажбен бірге 242 адам болған. Бір жолаушы ғана аман қалған.