Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Си Цзиньпин жұмыс сапарымен Астанаға келді: Тоқаев әуежайдан қарсы алды

Си Цзиньпин жұмыс сапарымен Астанаға келді: Тоқаев әуежайдан қарсы алды
Сурет: Ақорда
Астанаға сапарға келген Си Цзиньпинді балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды

Бүгін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға сапармен келді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды.

"Елорда әуежайының терминалында Төраға Си Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды. Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді", – делінген Ақорда хабарламасында.

Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар