Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“2 миллион теңге және көліктің кілтін ұсынды”: Мұқағали Мақатаевтың ұлы әкесін қорлаған блогерге кешірім берді

“2 миллион теңге және көліктің кілтін ұсынды”: Мұқағали Мақатаевтың ұлы әкесін қорлаған блогерге кешірім берді
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Ақын Мұқағали Мақатаевтың блогерді кешірді

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың ұлы әкесін қорлаған  блогер Әлішер Теменовке кешірім берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот отырысында жәбірленуші, ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев айыпталушыны кешіргенін айтып, судьядан қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Бұған дейін жәбірленуші 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуді талап еткен еді. 

Әлішер Теменов қылмыстық кодекстің 131-бабы 2-бөлігі (Қорлау) бойынша айыпталды. Істі судья Бейнегүл Кайсина қарады.

Теменов те өз кінәсн толық мойындап, кешірім сұрады.

“Біз өзара келістік. Сондықтан істі тоқтатуыңызды сұраймын. Қазір көлігімде 2 миллион теңге бар. Тағы 1 миллион теңгені он күннен кейін беремін. Әзірге көліктің кілтін қалдырамын. Қалған соманы берген соң көлікті қайтып аламын”, – деді айыпталушы. 

Әлішер Теменов ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаевқа 2 миллион теңге беріп, көліктің кілтін табыстады. 

Сот екі жақтың өзара келісімге келуіне байланысты істі тоқтатты. Теменовты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бірақ елден кетпеу туралы қолхат пен тиісті мінез-құлық туралы міндеттеме сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін өз күшінде қалады.

Блогер ақынға қатысты айтқан сөздері үшін бүкіл халықтан кешірім сұрап, видео жариялауға уәде берді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар