Қоғам
Петропавлда 2 жасар бала шемішкеге қақалып, қайтыс болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 маусым, 2025
- 34

Екі жасар баланың тамағына шемішке тұрып қалып, дем жетпей көз жұмды
Петропавлда екі жасар баланың тамағына шемішке тұрып қалып, салдарынан қайтыс болды. Ол дем ала алмай қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Бірлік жаңа ықшамауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, анасы аз уақытқа дүкенге шығып кеткен. Ал балалар үйде жалғыз қалған. Сол сәтте екі жасар бала шемішкеге қақалып қалған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем баланы құтқара алмаған.
Бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Екі жасар бала шемішкеге қақалып қайтыс болды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметі.