Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тікелей эфир кезінде: Израиль Иранның мемлекеттік телеарнасының ғимаратына соққы жасады

Тікелей эфир кезінде: Израиль Иранның мемлекеттік телеарнасының ғимаратына соққы жасады
Сурет: видеодан скриншот
Израиль әскері Иранның мемлекеттік арнасына соққы жасап, тікелей эфир кезінде камералар өшіп қалды

Иранның мемлекеттік телерадиокомпаниясы Irib-тің штаб-пәтеріне Израильдің қорғаныс әскері (ЦАХАЛ) соққы жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Детали басылымына сілтеме жасап.

Сол уақытта студияда жүргізуші Сахар Эмами эфир жүргізіп отырған. Ол жұмыс орнын тастап шығып кетеді. Біраз уақыттан соң жүргізуші тікелей эфирге қайта оралды.

Видеода телерадиокомпания ғимаратының өртке оранғанын көруге болады. 

Израиль әскерінің баспасөз қызметі Тегеран тұрғындарына алдағы әскері шабуыл туралы алдын ала ескерту жасаған.

"Алдағы сағаттарда ЦАХАЛ бұл ауданда әрекет етеді. Соңғы күндері Тегеранның түкпір-түкпірінде әскери инфрақұрылымдарға соққы бергендей, мұнда да иран режимінің әскери нысандарына шабуыл жасалады", – делінген хабарламада.

Израильдің мемлекеттік телерадио ғимаратына жасаған шабуылын Иранның сыртқы істер министрлігі ЦАХАЛ-дың соғыс қылмысы деп атады. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар