Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«+42 градус ыстық»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«+42 градус ыстық»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ярослав Чингаев / АГН «Москва»
Еліміздің кейбір өңірінде күн ысиды

Қазгидромет 17, 18 және 19 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Елімізде тұрақсыз ауа райы қалыптасып, найзағай, жаңбыр, екпінді жел күтіледі. 18-19 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте жаңбыр жауады, бұршақ болуы мүмкін.

Солтүстік-батыста, солтүстікте түнгі ауа температурасы 17-25-тен 15-23 градусқа дейін, күндіз 25-35-тен 20-31 градусқа дейін төмендейді.

Республиканың орталығында түнде 18-25-тен 15-22 градусқа дейін төмендейді, күндіз 17-18 маусымда қатты ыстық 35-39 градус, облыстың оңтүстігінде аптап 42 градус, 19 маусымда 27-32 градусқа дейін төмендейді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар