Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жуық арада келісімге қол қоюға дайындаламыз – Тоқаев

Жуық арада келісімге қол қоюға дайындаламыз – Тоқаев
Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі уран қорының 20 пайызы Орталық Азияда шоғырланғанын айтты

"Орталық Азия-Қытай" екінші саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елдің ядролық энергетиканы дамытудағы табысты тәжірибесі туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласындағы ықпалдастықты өңірдің орнықты дамуына әсер ететін ең басты факторлардың бірі ретінде атады

"Әлемдегі уран қорының 20 пайызы, мұнайдың 17 пайыздан астамы, табиғи газдың 7 пайызы, сондай-ақ сирек кездесетін металдардың мол кені Орталық Азияда шоғырланған. Яғни бұл саладағы әлеуетіміз орасан зор. Біз озық технологиялар алмасуға және энергетика инфрақұрылымдарын жаңғыртуға ниеттіміз. Сондай-ақ, аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, технологиялық тұрғыдан ілгерілеуге және қуат көздерін әртараптандыруға мән берген жөн.

Қытай Халық Республикасының ядролық энергетиканы дамытудағы бай және табысты тәжірибесін ескере отырып, аталған стратегиялық салада орнықты ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Жуық арада келісімге қол қоюға дайындаламыз", – деді президент.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар