«Қызметке небәрі 4 күн бұрын келген»: Израиль Иранның әскери қолбасшысы өлтірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 маусым, 2025
- 16

Израиль Иранның әскери қолбасшысы, Бас штаб басшысы Әли Шадманиді мерт қылды. Еврей Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша ол дәл осы қызметке небәрі 4 күн бұрын келген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 24kz-ке сілтеме жасап.
Ол Израильдің алғашқы соққысы кезінде қаза болған бұрынғы басшысы Алам Әли Рашидтің орнына тағайындалған еді. Кейбір деректерге қарағанда, Әли Шадмани Ислам революциясының көсемі Аятолла Әли-Хаменеидің ең сенімді адамдарының бірі болған.
«Саддам Хуссейннің тағдырын бәріміз білеміз ғой. Ислам Республикасының диктаторы Әли-Хаменеи соның сценарийін қайталағысы келмесе, Израиль аумағына зымыран ұшыруды доғаруға тиіс. Мен Тегеран тұрғындарын қауіпті аймақтардан қашуға шақырамын. Өмірлеріңізді қатерге тікпеңіздер. Диктаторға жеке билігін сақтап қалу үшін өздеріңізді пайдалануға жол бермеңіздер», – деді Израиль қорғаныс министрі Израэль Кац.