Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Осылар ақшаны қайдан алады?”: Ұланғасыр Қами зәулім үйін көрсетті

“Осылар ақшаны қайдан алады?”: Ұланғасыр Қами зәулім үйін көрсетті
Сурет: желідегі парақшасынан
Ұланғасыр Қами қоныстой жасады

Танымал хитмен Ұланғасыр Қами қоныстой жасап, зәулім үйін көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қоныс тойына шақырған қонақтардың бірі әншіге жылқы мінгізген.

“Қонақтарға дастархан дайын. Назерке жасап беріп кетті. Продюсерім, әрі көршім. Мен достарыма қалжыңдап айтып едім. Олар екі қой алып келіпті. Бір марқайып қалдым. Дәулет Өсербай бауырым жылқы мінгізді. Бәрі үйімнің көрімдігі екен. Достарым аман болсын. Шынымен де, күтпедім!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары да әншіні қоныс тойымен құттықтады.

“Өсер елдің жігіттері адалдан тапқан мал-мүлкін жүрегі жақын жандарға осылай шашу керек. Қызғанып қас болғанша, қуанып дос болғандарың қандай ғанибет, айналайындар! Қуаныш көбейсін”,

“Осылар ақшаны қайдан алады”  деп жазды көпшілік. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар