Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Маңғыстауда экс-депутат президенттен облыс әкімінен балалы болғанын, енді одан өзін қорғауды сұрады (ВИДЕО)

Маңғыстауда экс-депутат президенттен облыс әкімінен балалы болғанын, енді одан өзін қорғауды сұрады (ВИДЕО)
коллаж kursiv.kz
Ынташ Наурызова: Бар жазығым отбасылы ер адамнан ұлды болғаным.

Экс-депутат Ынташ Наурызова Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тарапынан қысым көріп отырғанын айтып, Президентке видеоүндеу жолдады.

Маңғыстау облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты өз мәлімдемесінде аймақ басшысымен ортақ баласы бар екенін айтып, соңғы уақытта өміріне қауіп төнгенін жеткізді.

«Ол маған сес көрсетіп, адамдарын жіберіп, үнемі үрейде ұстайды. Соңымнан сөз тасып, лас әрекет ұйымдастырып, қорқытып-үркітумен келеді. Басқан ізімді аңдып, өмірімнің берекесін кетіріп болды», – дейді Наурызова.

Көз жасына ерік берген экс-депутат өз әрекетін мойындап, қоғамнан көмек сұрады:

«Шарасыз қалдым. Бар айыбым – әйелі бар адаммен кездескенім. Ол адам бірінші болып өзі маған жазып, тиісті. Басқа қыздарға да солай жасаған», – деп жанайқайын жеткізді.

Ынташ Наурызова өзін аңдып жүргендер арасында әкімдік қызметкерлері, бейтаныс адамдар мен тіпті қылмыс әлемінің өкілдері де бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол бұған дейін де Нұрдәулет Қилыбайдың өз ұлына алимент төлеуден жалтарып жүргені туралы мәлімдеген болатын.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар