Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қостанай облысында әйел мысық тістегеннен кейін қайтыс болды

Қостанай облысында әйел мысық тістегеннен кейін қайтыс болды
Сурет: airwick.ru
Мысық тістегеннен соң әйел бірнеше ай өткеннен кейін көз жұмды

Қостанай облысы Қамысты ауданының тұрғыны мысық тістеп алғаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Мысық тістеген соң әйел құтырма ауруының клиникалық белгілерімен Лисаков қалалық ауруханасына жеткізілген. Бірақ науқасты аман алып қалу мүмкін болмаған. Өйткені медициналық көмек туралы өтініш кеш түскен.

"Лисаков қаласында 2025 жылдың мамыр айында құтырма салдарынан адам өлімі тіркелді. Эпидемиологиялық тергеу барысында науқасты үй мысығы тістеп алғаны анықталды. Жануар кейін жоғалып кеткен. Зардап шеккен әйел дер кезінде дәрігерге қаралмаған, профилактикалық екпе алмаған. Медициналық көмекке тек клиникалық белгілер пайда болған соң ғана жүгінген", – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Баймұхаметов.

Құтырма – вирус арқылы таралатын аса қауіпті инфекциялық ауру.

Департамент өкілдерінің айтуынша, Лисаковтағы марқұм ауруды бірнеше ай бұрын жұқтырғаны белгілі болды.

"Егер антирабиялық вакцина (құтырмаға қарсы екпе) уақытында егілмесе, вирус адам миы мен жүйке жүйесін зақымдап, аурудың қайтымсыз кезеңіне өтеді. Ауру бірнеше күннен бірнеше айға, тіпті бір жылға дейін созылуы мүмкін. Лисаковтағы марқұмда бұл кезең бірнеше айға созылған. Адамдардағы құтырма жағдайларының 99%-ы жануарлардың тістеуі немесе тырнауы арқылы жұғады. Мұны жануарларға вакцина салу және олардың шабуылынан сақтану арқылы алдын алуға болады", – дейді департамент өкілдері. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар