Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«162 млн теңгеден астам заңсыз табыс»: Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласының үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

«162 млн теңгеден астам заңсыз табыс»: Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласының үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)
Сурет: ашық дереккөздерден
Абай Бегейдің қызы ұсталды

Белгілі әнші Абай Бегейдің екінші қызы Гүлеркем Ниязқұлова күйеуімен бірге заңсыз жолмен 162 млн теңге табамын деп ұсталып қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар автокөлік, пәтер, басқа да бағалы сыйлықтарды жүлде ретінде ойнатқан. Instagram, TikTok және Telegram арқылы лотерея таратылған. Олар лотерея операторы ретінде тіркелмеген, бірақ соған қарамастан автокөлік, пәтер, басқа да бағалы сыйлықтарды жүлде ретінде ойнатқан.

Билеттер 500 теңгеден 50 000 теңгеге дейін сатылған. Сөйтіп 162 млн теңгеден астам заңсыз табыс анықталды.

Қазіргі таңда күдіктілердің жылжымайтын мүлкі мен банктік шоттарына шектеу қойылды.


Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар