Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“16 жасымнан бастап жұмыс істедім”: Еңбек министрі зейнетке шықса, қанша көлемде төлем алатыны жайында айтты

“16 жасымнан бастап жұмыс істедім”: Еңбек министрі зейнетке шықса, қанша көлемде төлем алатыны жайында айтты
Сурет: apgazeta.kz
Светлана Жақыпова жастайынан жұмыс істегенін және кейін қанша төлем алатыны туралы сұраққа жауап берді

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова өзінің жастайынан жұмыс істегенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Ол журналистердің егер өзі қазір зейнетке шықса, қанша зейнетақы төлемін алатыны жайында қойған сұрағына жауап берді.

"Үш түрлі төлем ала аламын. Себебі менің 1998 жылға дейінгі еңбек өтілім бар. 10-сыныптан кейін, 16 жасымнан бастап жұмыс істедім. Сәйкесінше, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақтарым мен базалық зейнетақым бар", – деп жауап берді Жақыпова.

Бірақ министр зейнетке жеткенде өзінің қанша зейнетақы алатынын айтпады. 

"Егер мен бүгін зейнетке шықсам, менің базалық зейнетақым шамамен 32 мың теңге болар еді. Бірақ орташа есеппен бұл – 47 мың теңге болады", – деді Еңбек министрі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар