Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Экс-судья Светлана Жоламанова 10 жылға сотталды

Экс-судья Светлана Жоламанова 10 жылға сотталды
Сурет: instagram.com/zholmanova.svetlana
Экс-судьяға қатысты сот үкімі шықты

Экс-судья Светлана Жолмановақа қатысты сот үкімі шықты. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы Медеу ауданы №2 соты экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты шешім шығарды, 10 жылға сотталды. 

Тергеу нұсқасы бойынша, Жолманова азаматтарды алдаған. Жылжымайтын мүлік сатып алуға және жалған тендер жобаларына қатысуға көмектесемін деп уәде берген. Жалпы сомасы 1 миллиард теңгеге жуық қаржыны иемденген.

Онымен бірге айыпталушылар қатарында Данияр Құшалиев те бар. Тергеу дерегінше, олар қылмысты алдын ала келісіп, бірлесіп жасаған.

Айта кетсек, 2021 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын. Тінту кезінде судьяның кабинетінен 10 мың доллар тәркіленген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар