“Менен басқа жұмысы жоқ”: Зарина Сапардың экс-күйеуі өзін ұрды дегенге жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:34
- 45

“Қалаулым” арқылы танылған блогер Зарина Сапардың экс-күйеуі Айдос Игіліков өзі туралы айтқандарын жоққа шағырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Блогер тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуі ұрып, жүкті кезінде қорлық көрсеткенін айтқан еді. Алайда экс-жолдасы Stan.kz тілшісіне растаған жоқ.
“Отбасы болғасын кикілжің болатыны рас. Ауылда 3 күн, Алматыда бірге 2 апта тұрдық. Қазір отбасылы адаммын. Қос ұлым бар. 6 жылдан бері аптасы немесе айына бір хикаялар ойлап табады. Статистикасы түссе, мен жайлы ертегілер құрастырады. Қосановқа сенгендей, көпшілік сенеді. Менен басқа жұмысы жоқ. Негізі ол кісіге жақындарынан психологиялық қолдау қажет”, – деді журналист.
Одан кейін блогер босаға аттағаннан кейін, енесінің пәктігін тексергенін де жайып салды.
“Мен ол үйге таза болып бардым. Сол кезде мені алып қашып кеткен соң оңтүстік жақтағы Степной деген ауылында таза екенімді көру үшін төсегімді тексерді. Бастапқыда намыстанып едім, енем келіп "жарайсың" дегенде абырой болып көрінді. Қазір ойласам біреудің төсегін тексеру – ақымақтық қой”, – деген еді блогер.
Желі жұлдызының бұрынғы жолдасы ата-анасын қаралаған экс-әйеліне жауап берді.
“Беті аулақ. Құдай сақтасын. Ата-анам өте момын адамдар”, – деді Айдос Игіліков.