Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Мен үшін толқынысқа толы күн": Мейрамбек Бесбаев қызына әсерлі жазба арнады

"Мен үшін толқынысқа толы күн": Мейрамбек Бесбаев қызына әсерлі жазба арнады
vk.com/meirambek_besbaev
Мейрамбек Бесбаев келіншегі Мархабат екеуі үш баланы тәрбиелеп отыр.

Әнші Мейрамбек Бесбаев өзінің Instagram парақшасында мектеп бітіруіне байланысты қызы Кәусарға арнап әсерлі жазба жазды, деп хабарлайды Kyn.kz.

Оның айтуынша, қызының мектеп бітіруі ол үшңн толқынысқа толы күн болды. 

"Бүгін мені әке атандырған тұңғышым, нәзік гүлім Кәусарым мектеп бітірді. Қызыма ғана емес, мен үшін де толқынысқа толы күн болды. Балапандарымызды 11 жыл білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, қанаттарын қатайтып, кішкентай жүректеріне үлкен арман ұялатқан Кәусарым оқыған Ш.К.Беркінбаева атындағы Алматы қыздар мектеп-лицей-интернатының басшылығына, барша ұстаздарына рақметімді айтамын.

Түлектердің жолдары ашық, болашақтары жарқын болып, ізгі армандары орындалсын!" - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары болса Кәусардың есейіп кеткеніне таңданып, жылы лебіздерін жаудырды. 

 "Уақыт деген зымырап жатыр екен. Кәусардың бірінші сыныпқа барғанын көріп едік, міне енді бітіріп жатыр. Болашағы керемет болсын!", "11 жыл бұрын мектепке апарып партаға отырғызғандарын көргенмін, уақыт деген зымырап өте шығыпты ғой. Қадамы нық, құтты болсын", "Каусар кеше ғана кіп-кішкентай балапан қыз еді. Өмір деген қалай зырғып жатыр", "Үлкен маман иесі болсын" ,"Ақ жол тілейміз", - деп жазған желі оқырмандары.

Айта кетейік, Мейрамбек Бесбаев келіншегі Мархабат екеуі үш баланы тәрбиелеп отыр. Олардың кенжесі былтыр дүниеге келген еді. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар