Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Министр: Қазақстандықтар несиені көп алса, табысы жоғары екенін білдіреді

Министр: Қазақстандықтар несиені көп алса, табысы жоғары екенін білдіреді
Сурет: ҚР Үкіметінің баспасөз қызмет
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин: “Несиелердің өсуі – халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіші”

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкіметте өткен брифинг барысында Қазақстандағы несие беру көлемінің күрт өсуінің себебін түсіндірді, деа хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Журналистер министрден "Несие алушылар санының артуы халықтың кедейленуін көрсетпей ме?" деген сұрақ қойды.

"Тұтынушылық несиелердің өсуі – халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіші. Бұл адамдардың мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Олар несиені қалай қайтаратынын ойламай-ақ алады", – деді министр.

Сондай-ақ, ол азаматтардың жауапкершілігіне сенетінін жеткізді.

"Егер адам несие алса бұл оның қаржылық мүмкіндіктерін есептей алатын, ақылға қонымды шешім қабылдайтын адам екенін көрсетеді. Егер ол үлкен сома алса, оның табысы жоғары екенін білдіреді. Ал егер ол дәрі-дәрмекке несие алса, онда бұл жерде тереңірек қарау керек", – деді Жұманғарин.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар