Қоғам
Жамбыл облысында сүйіктісімен ренжісіп қалған ер адам көлігін өртеп жіберді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:09
- 301

Ер адам азаматтық некедегі әйелінің көлігін өртеп жіберді
Жамбыл облысында ер адам азаматтық некедегі әйелінің көлігін әдейі өртеп жіберген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
2025 жылдың наурыз айының соңында азаматтық некедегі ерлі-зайыптының арасында жанжал туғаг. Салдарынан А. ашуға бой алдырып, көлікті өртеп жіберген.
“Азаматтық некедегі жұп BMW 530i маркалы көлікті несиеге алған. Жалпы құны – 4 миллион теңге, алғашқы жарнасы – 800 мың теңге болған”,– делінген сот хабарламасында.
Жәбірленуші И. есімді әйелдің жүргізуші куәлігі болмағандықтан, көлік уақытша А.-ның иелігіне берілген. Көлікке сақтандыру полисі де рәсімделген.
Ер адам кінәсін толық мойындады. Жәбірленушіге келтірілген шығынды толықтай өтеген.
Сот ер адамды 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.