Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Орыстар әлдеқайда ақылды, білімді. Оларсыз өмір сүру қиын» – Марғұлан Тұрсынов

«Орыстар әлдеқайда ақылды, білімді. Оларсыз өмір сүру қиын» – Марғұлан Тұрсынов
Сурет: ашық дереккөздерден
Марғұлан Тұрсынов орыс халқысыз өмірін елестете алмайтынын жеткізді

ZTB медиасының негізін қалаған Марғұлан Тұрсынов орыс халқына деген ерекше ықыласын ашық айтып, сынға қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол көп мәселеде орыстарға жүгінетін жеткізді.

«Мен көп мәселе бойынша соларға жүгінемін: техника жөндеу, көлік, дизайн, бухгалтерия... Себебі олар әлдеқайда білімді, жауапты және тұрақты деп есептеймін. Ашығын айтсам, оларсыз күнделікті тұрмысымда маған өте қиын», - деп жазды ол әлеуметтік желіде. 

Біпақ көп уақыт өтпей, Тұрсынов жазбасын өшіріп тастады. Кейіннен ойын дұрыс жеткізе алмағанын айтып, қазақ халқынан кешірім сұрады. Ол өз елінің патриоты екенін айтып, көпшілікті ұлтаралық араздықты қоздырмауға шақырды.

Бұл жазбаға қатысты белгілі PR-маманы Айбар Олжай заң аясында тексерілуі мүмкін екенін жазды.

«Бұл тұрғыда Марғұлан Тұрсынов ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабын — ұлтаралық араздықты қоздыру бабын — бұзуы мүмкін. Осыған байланысты мен Бас прокуратураға тиісті мәліметтерді тіркеп, арыз жолдадым. Прокуратура не өзі тексереді, не Ішкі істер министрлігіне жолдайды» деп жазды ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар