Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Менен кек алмақ болды”: Тұрсен Алагөзов экс-әйелімен қалай ажырасқанын айтты

“Менен кек алмақ болды”: Тұрсен Алагөзов экс-әйелімен қалай ажырасқанын айтты
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Тұрсен Алагөзов бұрынғы әйелінің өзінен қалай кек алмақшы болғанын айтты.

Баян Алагөзованың екінші күйеуі Тұрсен Алагөзов бұрынғы әйелі Ляйсира Маратқа қатысты өз ойын бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Айсәуле Бақытбекке сұхбат берді. Ол 7-8 жыл бұрын ажырасу процесінің қалай өткенін айтты.

“46 жасымда 27 жыл бірге өмір сүрген балаларымның анасымен ажырастым. Мен оған бұрынғыдай қамқор бола алмайтынымды, сүйіспеншілік танытпайтынымды сездім. Дүние-мүліктерді бөліске саллық, ажырасу процесін бастадық. Қызым Аминка біздің арамызда делдал болды. Біз компанияның жартысын алып, қалғанын толық береміз деп келістік. Бұрынғы әйелімнің мамандығы – заңгер. Менікі – инженер. Алғаш рет ажырасу процесін бастан өткердік. Мұндай істе тәжірибем жоқ еді”, - деп ажырасу қиын болғанын айтты. 

Сөзінше, экс-әйелі одан кек алмақ болған.

Ол маған: "Үлестің 50 пайызын бересің" деді. Менің түсінігім бойынша, ажырасудың бір бөлігі ретінде компанияның жартысын бердім. Сосын ол: "Сен өзіңдікін бердің, енді маған қалған 50 пайызын заңды түрде бер" деді. Менен осылай кек алмақ болды. Сол кезде тек киім-кешегімді жинап, басқа пәтерге көшіп кеттім”, – деп еске алады Galanz Bottlers иесі.

Еске салсақ, кәсіпкердің бұрынғы әйелі 100 пәтер сыйлағанына қатысты пікір білдіріп, оның еш қайырымдылық іске жатпайтынын атап өткен еді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар