Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Сергектен келген айыппұлды өшіріп беремін": Полиция мұндай жарнамалардың заңсыз екенін ескертті

"Сергектен келген айыппұлды өшіріп беремін": Полиция мұндай жарнамалардың заңсыз екенін ескертті
Сурет: speedcam.online
Полиция сергектен келген айыппұлды өшіру мүмкін емес екенін айтты.

Қазір “сергектен келген айыпұлды өшіріп беремін” деп өз қызметіне жарнамалаушылардың қарасы көбейген. Полиция бұл жарнаманың заңсыз екенін ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Алматыдағы Алғабас ықшамауданында айыппұлдан арылтамын деген хабарландырулар ілініп, телефон нөмірі көрсетілген. Ғаламторда да дәл осындай жазбалардан көз шалынады. 

Азаматтың сөзінше, сергек айыппұлын 62 күннен кейін өшіруге болады. Бірақ оған дейін ұялы телефоныңызға ешқандай ресми органнан хат келмеуі қажет екен. Хабарлама келсе де, саспаңыз, оның да жолын қарастырдық дейді. Мұндай қызметтің құны – 10-15 мың теңге көлемінде. Бірақ мұның барлығы заңға қайшы әрекет болып есептеледі.

“Негізі осы тақтайшадағы мәлімет шындыққа жанаспайды. Бұл жарнама заңсыз. Өздеріңіз білесіздер, қазір цифрландыру процестері қарқынды дамуда, оның ішінде барлық базалар бірыңғай, біркелкі. Оларда адами фактор жоққа шығарылады. Ешбір азамат өзгерістерді енгізе алмайды. Соның ішінде айыппұлдады жоя алмайды. бұл алаяқтық дерегіне жатады. Бірнеше рет осы деректер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілген. тиісті шаралар заң бойынша қабылданған”, – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция департаменті азаматтарды барынша сақ болуға шақырады.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар