Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Жаңбыр, бұршақ”: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

“Жаңбыр, бұршақ”: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Сурет: news.kg
Алдағы демалыс күндері Қазақстанның кей өңірлерінде шаңды дауыл тұрады

Синоптиктер 28-30 маусым аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Алдағы демалыс күндері кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ, сондай-ақ қатты жаңбыр жаууы мүмкін. 

Тек республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіліп отыр. 

Сонымен қатар ел аумағында жел күшеюі ықтимал, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Ал ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Күндізгі уақытта батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда 18-28 градус, орталық және шығыс өңірлерде 20-33 градус, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерде 27-38 градусқа дейін ыстық болады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар