Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда ең көп неке қай айда қиылатыны белгілі болды

Қазақстанда ең көп неке қай айда қиылатыны белгілі болды
Сурет: r-vremenagoda.ru
Елімізде тамыз айында неке көп қиылады.

Елімізде соңғы он жылда қай айда неке көп тіркелгені белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

Некенің ең көбі тамыз айында тіркеліп келген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2016 жылы бұл көрсеткіш шарықтау шегіне жетіп, 16,9 мың неке қиылған. Жалпы, тамызда жыл сайын орта есеппен 14,9 мың неке тіркеледі.

2023 жылдан бастап маусым, шілде және тамыз айлары неке қию үшін ең танымал үштікке кіріп отыр. Ал ең аз неке қаңтар айында тіркеледі. 2020 жылдың сәуірінде, пандемия кезінде, рекордтық төмен көрсеткіш тіркелген – небәрі 3,8 мың неке қиылған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар