Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте полиция бастығының орынбасары әріптесін зорлады: қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте полиция бастығының орынбасары әріптесін зорлады: қылмыстық іс қозғалды
Сурет: gov.kz
Шымкентте полиция бастығының орынбасары әріптесін зорлады деп айыпталды.

Әлеуметтік желілерде Шымкент Полиция департаментінің қызметкері әріптесін зорлаған деген ақпарат тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жазбаларда Еңбекші аудандық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ерлан Жұмановқа қатысты зорлау дерегі бойынша арыз түскені айтылған. Қазіргі уақытта істі Тұран аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша тіркелген, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ, жарияланымда полиция қызметкері қазіргі уақытта жүкті екені де айтылған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, әйелдің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Шымкент ПД.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар жарияланбайды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар