Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ішім алай-дүлей болып жатыр…»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде тарап кеткен қауесетке қатысты жауап берді

«Ішім алай-дүлей болып жатыр…»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде тарап кеткен қауесетке қатысты жауап берді
Сурет: ашық дереккөздерден
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова көзіне жас алуының себебін түсіндірді.

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова күйеуіме ажырасуға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы тележүргізуші Анна Данченкоға сұхбат берді. Айтуынша, желіде тарап кеткен жылап отырған видеосы түсіп жатқан кинодағы сюжеттің бірі екен.

“Көзімде мұң бар ма? Ет пен сүйектен жаратылған адамбыз ғой. Барлығымыз бірдей пенде, бірдей адамбыз. Барлығымыз бірдей жаратылғанбыз. Менің өмірде күліп, жарқырап жүргенімнің барлығы ішімдегі дүниемен толықтай сай деп айта алмаймын. Қазір кез келген сұраққа жауап бере аламын. Кез келген нәрсені қабылдадым. Солай өмір сүру жеңіл екеніне енді ғана көзім жетті. Бұл - өмір. Өмір болғаннан кейін “мен ерекше жаратылғанмын, менде ғана бәрі идеально болады” деген ой ешкімде болмауы керек. Сондықтан да деп жыласаң… Кешегі жылап қалған сәтім туралы сұрақ қойдың ғой. Кинода сондай сюжет болады. Кинода съемка уақытында ішім алай-дүлей болып жатыр… Бірақ толықтай көз жасым шыққан жоқ. Қолымнан келгенше жеткізіп көрдім. Актриса емеспін. Кино біткеннен кейінгі көрініс. Сол сәтте құрбым қасымда отырып түсіріп алған. Ол өз парақшасына салыпты. Содан кейін соавторство жіберген екен. «Жарайды» дедім. Жасыратын несі бар?”,- деді Мөлдір Мұқанова. 

Бұдан басқа тележүргізушінің «Ресми түрде ажырасып кеттіңіздер ме?» деген сұрағына Мөлдір Мұқанова бәрі жақсы екенін айтқан.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар