Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Еркекке қылықты әйел керек»: Ерке Есмахан күйеу туралы қыз-келіншектерге ақыл айтты

«Еркекке қылықты әйел керек»: Ерке Есмахан күйеу туралы қыз-келіншектерге ақыл айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Ерке Есмахан еркектерге қандай әйел керек екенін жазды.

Белгілі әнші Ерке Есмахан күйеуді қалай ұстау туралы қыз-келіншектерге ақыл айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Үйде отырып, тек күйеуінің, балаларының бабын жасаған жақсы әрине. Бірақ өзіңді ұмытпаған жөн. Жұмысың болып, бір іспен айналысып, білім алып, арасында қыдырып, ақшаны өзіңе аямай, кейде неудобная болған дұрыс", - деді әнші

Ол оқырмандарына мультимиллиардер Безос пен Лоренің махаббатын мысалға келтірді.

"Безос не себепті қазіргі әйелінің аяқ астына бүкіл әлемді төсеп беріп жатыр. Меніңше, Лорен күйеуімен қызықты сұқбаттас, сенімді серіктес, көңілді көңілдес, еркекпен жарыспайтын, жұмсақ, сезімтал, ерке бола білетін дана әйел. Ал еркекке анасындай болып жүретін әйел емес, қылықты әйел керек", - деді Ерке.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар