«40-44 градусқа дейін ыстық»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025
- 66

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Жаңбыр, найзағай күтіледі.
«1 шілдеде еліміздің батысында және шығысында, 3 шілдеде солтүстік-батысында бұршақпен бірге қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар, батыс және оңтүстік өңірлерде желдің күшеюі, шаңды дауылдар болуы мүмкін», - делінген синоптиктер болжамында.
Мамандардың мәліметінше, күндізгі уақытта термометр бағандары оңтүстік-шығыста 35-39 градус аптап ыстықты, 2-3 шілдеде орталықта 35-38 градусты, оңтүстікте 40-44 градусқа дейінгі қатты ыстықты, 3 шілдеде солтүстікте 30-35 градус жылыны көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар
Алматы қаласында бір апта бойы күн ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025
Қазақстанда ең көп неке қай айда қиылатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 29 маусым, 2025