Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Таразда зейнеткер 74 жасында университет бітіріп, заңгер атанды

Таразда зейнеткер 74 жасында университет бітіріп, заңгер атанды
Сурет: видеодан скриншот
74 жастағы тараздық зейнеткер университет бітірді.

Тараздық Валентина Проскурина 74 жасында тағы бір жоғары оқу орнын тәмәмдап, заңгер атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл – Валентина Проскуринаның екінші жоғары білімі. Бұған дейінгі мамандығы инженер-экономист болған, енді Тараздағы университеттің заң факультетін үздік тәмамдап отыр.

Айтуынша, заңгер мамандығы бойынша алған білімі жұмыс барысында қажет. Қазіргі уақытта Валентина Павловна мектепке дейінгі тәрбие саласында сарапшы. Бұл салада жиі даулар туындайды. Сондықтан ол заңгер болуды нақты мақсат еткен.

"Сіз экономистсіз, заңға қандай қатысыңыз бар?" дегендер болды. Сондықтан: "Менде заңгер дипломы бар" деп нақты айта алу үшін осы жолды таңдадым", - дейді Валентина Проскурина.

Университет ректоры Махметғали Сарыбеков Валентина Павловна сынды жандар жастарға үлгі екенін айтады.

"Оқу қай жаста болса да кеш емес. Ол кісі кезінде экономика саласы бойынша білім алған. Осындай түлектеріміз көбейсе, біз қуанамыз. Себебі жастарымыз оларға қарап сап түзейді, жауапкершілікті үйренеді", - дейді Махметғали Сарыбеков.

Ал екі жыл бойы бірде-бір сабақты қалдырмаған Валентина Павловна 120 жасқа дейін өмір сүріп, белсенді әрі еңбекқор болғысы келеді.

Қазір Валентина Проскурина Алматыда тұрады. 20-дан астам кітап пен мақала жазған. 9 немере мен 2 шөбере сүйіп отырған зейнеткер енді магистратураға түсуге ниетті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар