«Сұлу қыздары бар қалай қиып тастап кетеді»: Тұрсынбек Қабатов жұрт алдына шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:01
- 44

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов көпшілік алдына шықты. Желіде оның әйелі Мөлдір Мұқановамен ажырасып кеткені туралы ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесінің қызы Айым Тұрсынбекқызы Instagram парақшасында әкесімен бірге билеген видеосын жариялады.
Бұған қатысты желі қолданушылары неше түрлі пікір қалдырды. Бірі әзілкештің ауруханада ем алғанын алға тартса, енді бірі оның отбасын қалай қиып тастап кеткенін жазуда.
Олар «Осындай сұлу қыздары бар қалай қиып тастап кетеді екен баска семьяға», «Ешқайда кетпеген өсекқой операция болған көрініп тұрғой аман болсын ауырмасын», «Тұрсынбекті көріп, қуанып қалдым. Өнерлі әкеден ұлағатты, әдемі ұл-қыздар туған екен» деп жазды.
Айта кетсек, бұған дейін Тұрсынбек Қабатов пен әйелі Мөлдір Мұқанова екеуінің қарым-қатынасы жайлы түрлі әңгіме тараған еді. Бірақ нақты ажырасқандары туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.