Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Дұрыс жігітті таңдауды үйреніңіздер!”: Жан Мұқанов актер Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісіне кінә тақты

“Дұрыс жігітті таңдауды үйреніңіздер!”: Жан Мұқанов актер Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісіне кінә тақты
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Жан Мұқанов бұл жағдайға тек Шәкенти ғана емес, оның сүйіктісі де кінәлі екенін айтты.

Белгілі продюсер Жан Мұқанов сүйіктісін жұлқылар, басы дауға қалған Шәріп Серікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы  "Цукербергтің көршілерінде" подкасында айтты.

“Шәкенти – мен оның досы емеспін. Бірақ үнемі ашық-жарқын жүретін ақкөңіл жігіт. Бәріміз көргендей оның қызды жұлқылағанын қолдамаймын. Бірақ бұл жағдайда тек Шәкенти ғана кінәлі емес. Қыз да кінәлі. Дұрыс жігітті таңдауды үйреніңіздер! Шәкентидің жобаларына тосқауыл жасап, оның шығармашылығы мен өнерінен бас тарту дұрыс емес”, – деді продюсер. 

Айта кетсек, Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутеева актердың өзіне қол көтергенін айтып, лифтіде жұлқылаған видеосын желідегі парақшасында жариялаған болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар