Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

3 миллиардтан аса теңгені жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың ісі сотқа жолданды

3 миллиардтан аса теңгені жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың  ісі сотқа жолданды
Сурет: ашық дереккөздерден
Перизат Қайратқа қатысты іс сотқа жөнелтілді.

Бас прокуратура Перизат Қайратқа және Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Олар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан аса теңгені жымқырған деп айыпталып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, 2024 жылы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар