Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бұрынғы еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды

Бұрынғы еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды
Сурет: primeminister.kz
Бұрынғы вице-министр ұсталды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болған, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ның басшысы қызметін атқарған Ақмәди Сарбасов ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі растады.

"Министрлік тергеу органдарына белгіленген тәртіпте көмек көрсетіп жатыр. Тергеу барысына қатысты барлық сұрақ уәкілетті органдардың құзыретінде", – деп хабарлады ведомство.

Еске салсақ, Сарбасов биыл сәуірде басқа жұмысқа ауысуына байланысты еңбек вице-министрі қызметінен кеткен еді. Ол бұл қызметті 2020 жылдың маусымынан бастап атқарып келген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар