Спорт
Дзюдошы Абиба Әбужақыноваға су жаңа көлік сыйға тартылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:42
- 176

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Абиба Әбужақыноваға көлік сыйлады.
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Абиба Әбужақынова сыйлыққа көлік алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Бүгін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғаныма Jenys клубы көлік атады. Ел мерейін үстем еткенде клубымыз да бізді әрқашан қолдап, жетістігімізге ерекше қуанып отырады. Өте қуаныштымын және Jenys клубыма ризашылығымды білдіремін", - деп жазды дзюдошы Instagram желісіндегі парақшасында.
Айта кетсек, Абиба Абужақынова жуырда Будапештте өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған болатын.
Келесі мақала