Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Құлағын жұлып, санын қан жоса етті»: Алматы облысында үш ит 10 жасар баланы талап тастады

«Құлағын жұлып, санын қан жоса етті»: Алматы облысында үш ит 10 жасар баланы талап тастады
Сурет: Екатерина Бурмистрованың жеке архивінен
Қарасай ауданында үш ит талап тастаған баланың жағдайы ауыр.

30 маусым күні Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жалпақсай ауылы оңалту орталығынан қашып шыққан төбелескіш тұқымдағы үш ит 10 жасар баланы талап тастаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, қайғылы оқиға футбол алаңында балалар ойнап жүрген кезде болған. Балалардың көпшілігі қашып құтылғанымен, Максим есімді бала қашып үлгермей қалған.

Қазір бала Қаскелең қаласындағы жансақтау бөлімінде өмір үшін күресіп жатыр.

«Иттер оның құлағын жұлып, санын қан жоса етіп тістелеп тастады. Басынан да жарақат алған. Баланы иттерден ажырату өте қиын болды. Құтқаруға келген бірнеше ер адам иттердің бірін өлтіруге мәжбүр болды. Бірақ ит иелері кінәсін мойындамай отыр», – дейді куәгерлер.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың қазіргі жағдайы ауыр, бірақ өміріне тікелей қауіп жоқ.

Куәгерлер иттер балаға шабуыл жасаған сәтте өтіп бара жатқан екі азамат көмекке ұмтылған. Ауыл тұрғынының бірі баланы құтқарып қалу үшін бір итті пышақпен жаралаған.

Полиция бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғаған. «Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сонымен қатар, иттер шыққан оңалту орталығы қызметкерлерінің әрекетіне де құқықтық баға берілетіні айтылды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар