«Отбасымда ұл болған жоқ»: жан сырын ақтарған Жұлдыз Дүйсенбиева жылап қалды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:14
- 34

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева отбасында ұл болмағанын айтып, жылап қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі блогер Айнұр Асанбердіге сұхбат берген.
«Менің отбасымда ұл болған жоқ, бұл мен үшін ауыр тақырып. Мен кеше ғана ең кішкентай сіңілімді ұзатқан кезде, тойда 150 адамның алдында, папамды құшақтап жыладым, рахмет айтып.
Өйткені менің әкем ешқашан «Менде ұл бала болмай қалды» деп анамды тастап кеткен жоқ. Анам қанша рұқсат берсе де, «Жоқ, осы төрт қызыма Құдай күш қуат берсін» деді.
Бізде жалпы қазақта ұл туған әйелді ғана жоғары қояды. Ұлды жалпы жоғары қояды. Сонда қыз перзент емес пе? Бірақ мен айтқандай, кеше мен тойда әкеме рахмет айттым, сол төрт қызы әкем жақсы көріп, тәрбиелеп, осындай біздің дәрежеге жеткеніміз әуелі Алла, одан кейін әке-шешенің бізге деген махаббатының арқасы», — деп ағынан жарылды актриса.