20 370 672 адам: 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 шілде, 2025
- 1

1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Берілген ақпаратқа сәйкес, 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 20 370 672 адам тіркелген. Ал 1 мамырда халқық саны 20 353 265 адам болған.
Халық саны бойынша көшбасшы өңірлер – Алматы (2 314 929 адам) мен Түркістан облысы (2 150 992 адам).
Сондай-ақ, 1,5 миллионнан астам адам тұратын тығыз қоныстанған өңірлерге Алматы облысы (1 575 657 адам) мен Астана (1 566 566 адам) жатады.
Миллионнан астам халқы бар өңірлер қатарында Қарағанды облысы (1 133 068 адам), Жамбыл облысы (1 220 481 адам) және Шымкент (1 274 296 адам) бар.
Сонымен қатар республикада қала халқы басым. Қалаларда 12 877 408 қазақстандық тұрса, ауылдық жерлерде – 7 493 264 адам тұрады.