Қоғам
Алматы әуежайының қызметкері кепілге алынды: іс сотқа жолданды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:27
- 34

Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алған ер адамның ісі бойынша тергеу аяқталды.
Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратовтың ісі қосымша тергеу аяқталғаннан кейін қайта сотқа жолданды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметінше, 30 маусымда Баратовқа қатысты қылмыстық іс Алматының Түрксіб аудандық сотына жіберілген.
"Аталған тұлға Алматы халықаралық әуежайында кепілге алу, бұзақылық жасау, сондай-ақ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру деректері бойынша айыпталып отыр", – деді ведомство өкілдері.
Сот процесінің қашан басталатыны әзірге хабарланған жоқ.